Бокс
21 ақпан 2019 13:06
 
Головкин чемпиондық белбеулерді біріктіру мақсатынан айныды

  Пікірлер

blog.share

Головкин чемпиондық белбеулерді біріктіру мақсатынан айныды © Getty Images

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) белбеулерді біріктіру мақсатынан айныды. Бұл туралы BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында боксшының бапкері Абель Санчес мәлімдеді. 

"Карьераның қазіргі уақытында төрт белбеуді жинауға тырысу мүмкін емес. Бірақ өткізетін жақсы жекпе-жектер әлі көп. Халық тамашалығысы келетін жақсы текетірестер бар. Кіммен жұдырықтасқысы келетінін шешкен кезде бұл туралы бірден хабарланады. 

Кімді таңдайтынын айту қиын, ол барлық мүмкіндіктерді қарап жатыр. Қалпына келіп, уақытын отбасымен өткізуде. Алдағы бір-екі аптада шешім қабылдайды деген үміттемін. Ол шешімнің өзі, отбасы мен спорт үшін ең ұтымды екенін түсіну керек", - дейді Санчес. 

Айта кетейік, Головкин дивизиондағы барлық белбеулерді біріктіруді мақсат тұтқан. Абсолют чемпион атану үшін оған WBO белбеуі ғана қажет еді. 

Жарнама

Живи спортом!