Бокс
20 қазан 2021 09:38
 
Головкин 35 нокауты бар "Қара талқандаушыдан" жеңілетіні айтылды

  Пікірлер

blog.share

Головкин 35 нокауты бар "Қара талқандаушыдан" жеңілетіні айтылды ©HBO

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Крис Юбенк (31-2, 23 KO) қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) "Қара талқандаушы" лақап атты Найджел Беннмен жұдырықтасса не болатынын пайымдап көрді.

Юбенктің жерлесі екінші орта салмақта WBC чемпионы болған. Кәсіпқойда 48 жекпе-жек өткізіп, 42 жеңіске жеткен (35 нокаут), сонымен бірге, бес рет жеңілген және бір айқасында тең түскен екен.

"Головкин жекпе-жекке шығып қашуды да ойламай, динамитке тап болатын еді. Найджел жеңеді деп ойлаймын. Өйткені Головкин мықты боксшы болғанымен, Джеральд Макклеланның маңына да жуымайды", - дейді Юбенк Talksport.com басылымына берген сұхбатында. 

Сонымен қоса, баританиялықтың ойынша, Бенн мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасса да, одан еш кем түспейді, екеуінің жеңіске жету мүмкіндігі теңдей болмақ екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!