Бокс
28 қараша 2019 10:07
 

Golden Boy басшысы "Канело" - Головкин трилогиясына қатысты ұстанымын айтты

  Пікірлер

blog.share

Golden Boy басшысы "Канело" - Головкин трилогиясына қатысты ұстанымын айтты © boxingscene.com

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес FightHype-ке берген сұхбатында компанияның басты жұлдызы Сауль Альваресті рингте кіммен көргісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл - GGG. Олар жақсы әрі жақын екі жекпе-жек өткізді, стильдерінің арқасында фанаттарға ұнады. Онда көптеген әрекет пен бақталастық болды, бір-біріне жақсы соққылары тигізді. Жарқын жекпе-жек шықты. Себебі екеуі бір-біріне ыңғайлы", - деді Гомес.

Алайда Альварестің өзі Головкинмен трилогия өткізуге ниетті емес. Айтуынша, қазақстандық боксшы енді оған сынақ бола алмайды.

Боксшылар Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең есеп тіркелсе, бір жылдан кейін "Канело" төрешілер шешімімен жеңген.

DAZN стриминг сервисі де Альварес пен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізуді қалайды. Боксшылар 2019 жылы қыркүйекте жұдырықтасады деген жоспар болған, бірақ мексикалық одан бас тартқан еді.

blog.share
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес FightHype-ке берген сұхбатында компанияның басты жұлдызы Сауль Альваресті рингте кіммен көргісі келетінін айтты, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


"Бұл - GGG.
Олар жақсы әрі жақын екі жекпе-жек өткізді, стильдерінің арқасында фанаттарға ұнады.
Онда көптеген әрекет пен бақталастық болды, бір-біріне жақсы соққылары тигізді.
Жарқын жекпе-жек шықты.
Себебі екеуі бір-біріне ыңғайлы", - деді Гомес.


Алайда Альварестің өзі Головкинмен трилогия өткізуге ниетті емес.
Айтуынша, қазақстандық боксшы енді оған сынақ бола алмайды.


Боксшылар Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең есеп тіркелсе, бір жылдан кейін "Канело" төрешілер шешімімен жеңген.


DAZN стриминг сервисі де Альварес пен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізуді қалайды.
Боксшылар 2019 жылы қыркүйекте жұдырықтасады деген жоспар болған, бірақ мексикалық одан бас тартқан еді.

Жарнама

Живи спортом!