Бокс
11 сәуір 2020 13:51
 
"GGG тізімде бірінші". 22 нокауты бар британиялық чемпион Головкинді сұлатып түсіретінін айтты

  Пікірлер

blog.share

"GGG тізімде бірінші". 22 нокауты бар британиялық чемпион Головкинді сұлатып түсіретінін айтты Сурет: Sky Sports©

Орта салмақта жұдырықтасатын британиялық боксшы кіші Крис Юбенк (29-2, 22 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, ол GGG-ді нокаутқа түсіре алады.

"Қазір Головкин менің айқасуым керек боксшылар тізімінде бірінші. Әрдайым GGG-мен жұдырықтасқым келетін. Жеңе алатынымды білемін. Ол жігітті сұлатып салуға қажеттінің бәрі бойымда бар", - деп келтіреді британиялықтың сөзін Sky Sports порталына сілтеме жасаған vRINGe.com.

Айта кетейік, Юбенк кейінгі жекпе-жегінде ресейлік Матвей Коробовты жеңіп, орта салмақта WBA ұйымының "уақытша" чемпионы атағын иеленген. 

Жарнама

Живи спортом!