ESPN иснайдері Майк Копинджер Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Журналист мексикалық және қазақстандық боксшы Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер сияқты үшінші жекпе-жек өткізіп, текетірес нүктесін қою керек деп есептейді.
"Бір-бірін шын жек көретін Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер арасындағы тарихи трилогия, мені "Канело" мен Головкиннің үшінші айқасы туралы ойландырды. Сәуірде GGG қырыққа келеді, бірақ, екеуі екі тарихи жекпе-жек сыйлады. Ендеше келесі жылы осыған нүкте қояйық.
Ұқсастықты қараңыз: бірінші жекпе-жектегі даулы шешім, тең түскендері. Головкин бұл айқаста анық андердог болады, әсіресе екінші орта салмақта. Бірақ Головкин "Канеломен" қалай жұдырықтасу керегін білмейді және үшінші тарихи айқас жасай алмайды деп кім айтты?", - деп жазыпты Коппинджер твиттерде.