Бокс
14 наурыз 2019 12:13
 
"GGG батылдығына сенбейтін болған". Головкин "Канелоның" ізіне түсем деп тұзаққа ілінді

  Пікірлер

blog.share

"GGG батылдығына сенбейтін болған". Головкин "Канелоның" ізіне түсем деп тұзаққа ілінді © HBO

Boxingnews24.com журналисті Майк Смит қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегіне қарсылас таңдау туралы пікір білдірді.

Головкиннің келесі жұдырықтасуы маусымға жоспарланған, ал жаттығу лагерін сәуірде бастамақ. Бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық ынтымақтастық аясындағы алғашқы жекпе-жек болады.

Головкинге Еуропа чемпионы польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) қарсылас болуы ықтимал. Сонымен бірге, 22 маусымда WBO белбеуін қорғайтын америкалық Деметриус Андраде (27-0, 17 КО) де аталып отыр. Бұл жекпе-жек Головкин үшін Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) трилогияға қыздырыну сияқты болмақ.

"Жанкүйерлер Головкинді келесі жекпе-жете белгсіз қарсыласпен көргісі келмейді. Олар ең мықтымен жұдырықтасқанын қалайды, әсіресе, DAZN-мен келісімшарттан кейін. Алайда Головкин үшін қыркүйектегі "Канеломен" жекпе-жек алдында жай ғана қыздырынған жөн болады. Бірақ жанкүйерлер ондай ойда емес, олар берген ақшасының қайтарымын көргісі келеді.

"Қазір GGG үшін WBO чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасқан қауіпті. Америкалықтың жекпе-жегі 22 маусымға белгіленгенімен қарсыласы әзірге жоқ, сондықтан оны рингте GGG-мен жұдырықтасқанын көргісі келеді. Оның үстіне ол да DAZN-мен келісімшартта. Солақай әрі бойшаң Андраде өзінің жеңетіне сенімді, ал промоутері Эдди Хирн де осы жекпе-жекті көргісі келеді. Головкин келесі жекпе-жегін Андрадемен өткізбесе, мұны қашқалақтау деп қабылдап, GGG беделі түсуі мүмкін. Бұрындары адамдар Головкинді не үшін сүйді - ешкімнен қорықпай, орта дивизионда кез келгенімен жұдырықтасуға дайын болғандықтан. Қазір жанкүйерлер олай ойламайды. Көпшілігі Геннадий WBC міндеттеген Джермалл Чарлодан қашты деген ойда. Енді келесіде Андрадемен жұдырықтаспаса, адамдар оны қорықты дейтін шығар", - деп жазыпты автор. 

Жарнама

Живи спортом!