Бокс
23 тамыз 2021 13:48
 

Германиялық ең ірі басылым қарсыласын ринг сыртына құлатқан қазақстандыққа тамсанды

  Пікірлер

blog.share

Германиялық ең ірі басылым қарсыласын ринг сыртына құлатқан қазақстандыққа тамсанды Сурет: BILD.de

Германиядағы ең ірі газеттердің бірі Bild журналисі Ральф Шмидт Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Жан Кособуцийдің (16-0, 15 КО) америкалық Джои Давейконы (21-9-4, 12 КО) жеңгеніне қатысты пікірін білдірді. 

blog.share

Германиядағы ең ірі газеттердің бірі Bild журналисі Ральф Шмидт Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Жан Кособуцийдің (16-0, 15 КО) америкалық Джои Давейконы (21-9-4, 12 КО) жеңгеніне қатысты пікірін білдірді. 

Қазақстандық нокаутшы суперауыр салмақтағы "Танкті" ринг сыртына құлатты

"Бірінші минуттан-ақ Давейконың жеңілетінін уақыт еншісінде екені белгілі болды. Кособуцкий барлық жағынан басым көрінді. Ол өзіне ыңғайлы қалыпта жұдырықтасып, жекпе-жекті бақылауында толық ұстады. Америкалық боксшы шыдамдылығынан басқа ештеңе көрсете алмайтындай болды. Бірнеше соққыны көтере алғандықтан жекпе-жек біраз жалғасады деп ойлаған едік. Америкалықтың шүйдесіне соққы тиді ме? Бұлай деуге келмейді. Кейін денеден ауыр соққы алған Дайвеко тұра алмай қалды. Шүйдесіне соққысыз да Жан жеңетін еді. Ол барлық жағынан мықты болып тұрды. Кособуцкийдің әлеуетіне нақты баға беру қиын, бірақ, ол мықты қарсыластарға дайын", - дейді Шмидт. 

"Шүйдеден соққы болмады". Сарапшылар қазақстандық нокаутшы америкалық "Танкті" ринг сыртына құлатқаны жайлы

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!