"Геннадий нокаутпен жеңеді де...". Промоутер төрешілердің "Канелоға" жақтасарына алаңдаулы емес
Промоутер Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкин екінші орта салмақта күшті бола түседі деген сенімде. Vesti.kz тілшісіне берен сұхбатында ол төрешілердің әділдігіне күмән келтірді.
Промоутер Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкин екінші орта салмақта күшті бола түседі деген сенімде. Vesti.kz тілшісіне берен сұхбатында ол төрешілердің әділдігіне күмән келтірді.
- Геннадий "Канелоны" ненің арқасында жеңе алады?
- Меніңше, орта дивизионға қарағанда Геннадий екінші орта салмақта мықтырақ бола түседі. Бірінші айқаста ол жеңгеніне сенімдімін, ал екіншісі теңдей болды. Ол Дожнатан Бэкспен жаттығу лагерін өте жақсы өткізді.
- Қайтадан Вегаста жекпе-жек өткізу қаупті емес пе, алдыңғы екі айқастағы қазылықты есепке алсақ?
- Екінші айқаста "Канелоға" бүйрегі бұрған екі төреші трилогияда да қазылық етеді. Бивол "Канелоны" тоғыз раундта жеңді, ал олар жеті деп жазыпты. GGG бірінші кездесуде сегіз раундта басым болды, ал төрешілер алтау деп жазған. Геннадий нокаутпен жеңіп, төрешілер үшін алаңдамаймыз деген үміттемін.
Жарнама