Бокс
17 сәуір 2019 09:57
 
Геннадий Головкин келесі қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Геннадий Головкин келесі қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) BoxingScene тілшісі Кевин Айолға берген сұхбатында алдағы жекпе-жегінде (19-0, 10 КО) канадалық Стив Роллспен жұдырықтасатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен рингке шығар алдында сәл қобалжып тұрмын, бірақ мен Big Drama Show MSG алаңында көрсетемін. MSG жанкүйерлерінің қолдауы өте күшті. Мен боксты сүйемін, Стив Роллске қарсы шыққанда барымды саламын", - деді Головкин BoxingScene журналисіне берген сұхбатында.

Кездесу 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді. Боксшылар 164 фунт аралық салмағында кездеседі. Келесі аптаның басында, яғни 22 немесе 23 сәуірде бокс кешіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

27 сәуірден бастап билеттер сатылымға түседі. 35 жастағы Стив Роллс екінші жартылай салмақта өнер көрсетеді. Ол 2011 жылы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген. Жекпе-жектердің басым бөлігін өз елінде өткізген. Алты рет АҚШ-та өткізген. Канадалық өз карьерасында 12 раундтық кезесу өткізбеген. Сондай-ақ ол АҚШ-та USBA нұсқасы бойынша екінші жартылай салмақта шағын белбеуге ие.

Ал 37 жастағы Геннадий Головкин рингке 2018 жылдың қыркүйегінен шықпаған. Ол соңғы кездесуінде төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль Альварестен жеңіліс тапқан. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңіліс.

Жарнама

Живи спортом!