Бокс
19 ақпан 2020 08:55
 
Геннадий Головкин жарақат алып қалды. ESPN ары қарайғы жағдайдың егжей-тегжейін хабарлады

  Пікірлер

blog.share

Геннадий Головкин жарақат алып қалды. ESPN ары қарайғы жағдайдың егжей-тегжейін хабарлады © Getty Images

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) рингке оралуы кейінге шегерілді. ESPN журналының мәліметінше, боксшы жарақат алып қалған. 

Осыған байланысты Головкин және оның командасы IBF ұйымыныа титулды қорғауды шегеруді сұрады. Мәлімет бойынша, GGG-дің міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы жекпе-жегі мамыр немесе маусымда өтеді. 

Бастапқыда GGG рингке ақпанда шығад деп күтілген, алайда, кейін жекпе-жек уақыты наурызға өзгертілді. Осыдан кейін тағы да 11 сәуірге шегерілді, ал кездесу өтетін орын ретінде АҚШ-тың Чикаго қаласы аталған. Сонымен қатар, бұл жекпе-жек Қазақстанда өтуі ықтимал екені де хабарланған. 

Осыған байланысты DAZN өкілі Головкин - Шеремета жекпе-жегін өткізетін басқа уақыт қарастырып жатқандарын растады. Ал боксшының промоутері Том Леффлер жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. 

Жарнама

Живи спортом!