Геннадий Головкин Жапониядағы дайындығын көрсетті

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) айқасы алдында дайындығын көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) айқасы алдында дайындығын көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек Жапонияның Сайтамасында 9 сәуірде өтеді.
Еске салайық, Головкин мен Мурата кездесуі өткен жылдың желтоқсанында болуы керек еді. Алайда күншығыс елінде пандемияның өршіп тұруына орай жергілікті билік бокс кешін өткізуге рұқсат бермеді.
Жарнама