Бокс
15 ақпан 10:10

Геннадий Головкин Азиада алтынын жеңіп алған Қзаақстан құрамасын құттықтады

©

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасын Харбин-2025 қысқы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтады.

"Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасын және бүкіл бапкерлер штабын Азия ойындарының алтынымен құттықтаймын! Мен құрамамыздың барлық ойынын тамашалап, хоккейшілеріміздің мұз айдынында жанқиярлықпен өнер көрсетіп, ұйымшылдық танытқанын көрдім. Бүгін сіздер тағы да Азиядағы хоккейдің көшбасшысы екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Бүкіл Қазақстан сіздерге жанкүйер болды, осы жеңіс қуанышын сыйлағандарыңыз үшін алғыс айтамын", – деп атап өтті Геннадий Головкин.

Финалдық матчта Қазақстан құрамасы Жапонияны 5:0 есебімен сенімді жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Қола жүлдені Оңтүстік Корея құрамасы иеленді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. Олар ұпай саны бойынша Жапонияға жол берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport