Бокс
27 желтоқсан 2019 11:58

Геннадий Головкин Алматыдағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Алматыда ұшақ апатынан көз жұмған және зардап шеккендердің отбасына көңіл білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.




"Алматы маңында құлаған ұшақта қазақ тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бұл біз үшін де қасірет. Зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығуын тілеймін", - деп жазыпты Головкин твиттер желісінде.