Бокс
13 қыркүйек 2022 11:44
 

"Гена темпке шыдай алмайды, дегенмен...". Экс чемпион "Канело" - Головкин айқасы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Гена темпке шыдай алмайды, дегенмен...". Экс чемпион "Канело" - Головкин айқасы жайлы ©

Бірінші жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Кирилл Релих мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жекпе-жегіне қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды Fightnews.info.

blog.share

Бірінші жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Кирилл Релих мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жекпе-жегіне қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Тамаша айқас болады деп ойлаймын. Бастапқыда бәсекеге толы өтетін шығар. Бірақ кейін Гена темпке шыдай алмайды. Қалай дегенмен 40 жаста. "Канелоға" бүйрегім бұрып тұрған жоқ, алайда, қазір ол мықты. 

Альварес нокаутпен жеңгісі келеді, бірақ, бұл өзіне зиян болуы мүмкін. Өйткені Генаның әуесқойдағы тәжірибесі үлкен. Бәрі кімнің қалай дайныдалғанына және Альварес қалай жұдырықтаса бастайтынына байланысты. Ол агрессиямен қысым көрсете бастаса, Головкин қарсы соққымен күтіп ала алады. Сондықтан өте қызықты болады. Бұл жекпе-жекте кім жеңетіні физикалық дайындыққа байланысты болмақ", - дейді Релих "Бокс. Обзоры от Дмитрия" ютуб арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!