Флойд Мейвезер қазақстандық боксшыға қалай ұлы чемпион болу керегін айтыпты
Қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипова (15-2, 8 КО) бес салмақта чемпион болған, атақты Флойд Мейвезермен кездесуі туралы айтып берді.
Қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипова (15-2, 8 КО) бес салмақта чемпион болған, атақты Флойд Мейвезермен кездесуі туралы айтып берді.
Шарипованың сөзінше, бұл оқиға сегіз жыл бұрын Мәскеуде болған екен.
"2017 жылы Бокс академиясында ашық жаттығуым өткен болатын. Оған Флойд Мейвезер де келді. Мен оған сұрақ қойдым. "Ұлы чемпион болу үшін не істеу керек?". Ол маған айтқан жалғыз нәрсе: "Айналаңда дұрыс адамдар болсын. Бұл бүкіл ғұмырға жетерлік кеңес", - дейді Шарипова SPORT+ арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Шарипова кейінгі рет 2022 жылы желтоқсанда жұдырықтасып, танзаниялық Фериче Машориді жеіген еді.
Жарнама