Бокс
13 сәуір 2018 15:05
 
Фируза Шәріпова WBC чемпионымен жұдырықтасады

  Пікірлер

blog.share

Фируза Шәріпова WBC чемпионымен жұдырықтасады © Тұрар Қазанғапов

Фируза Шәріпованың келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы қазақстандық боксшы қыздың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шәріповамен жұдырықтасуға WBC чемпионы финляндиялық Ева Вальстрем келісімін берді.

"Біз Евы Вальстремнің промоутері Петри Паймандерден жауап алдық. Қазір Вальстрем операциядан кейін оңалып жатыр. Сондықтан маусымда жұдырықтаса алмайды. Екі ай жаттыға алмайды. Дегенмен олар Шәріповамен 24 қазанда жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытты. Дүйсенбіде келісім жасай бастаймыз", - дейді қазақстандық боксшының менеджері Сергей Завилейский.

Жекпе-жек 24 қанада Монакода, Sportel спорт арналарының халықаралық конвенциясы кезінде болады.

Еске салайық, соңғы рет Шәріпова Алматыда жекпе-жек өткізіп, Джемилла Гонтарюкті жеңген. Осылайша, IBO және WBC Silver белбеулерін иемденіп, WBC чемпиондығына міндетті үміткер болған еді.

Жарнама

Живи спортом!