Қазақстандық Фируза Шарипова (14-1, 8 КО) жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тэйлормен (19-0, 6 КО) айқаста анық аутсайдер, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алдағы жекпе-жекке 1xBet келесідей коэффициент ұсынады екен: Тэйлордің жеңісі - 1, 03, тең түссе - 34, Шарипованың жеңісіне - 12.
Еске салайық, бұрымды боксшылар 11 желтоқсан Ливерпульде жұдырықтасады. Айқас он раундқа есептелген.
Кейінгі кезедсуінде Шарипова кәсіпқой бокста дебютін өткізген ресейлік Любовь Белякованы нокаутпен жеңді. Ал Тэйлор тәжірибелі америкалық Дженнифер Хэнді жеңіп, белбеулерін қорғап қалған.