Фируза Шарипова WBC әлем чемпионы титулы үшін шілдеде Қазақстанда жекпе-жек өткізеді

Қазақстанда кәсіпқой бокспен айналысып жүрген тұңғыш боксшы қыз Фируза Шарипова WBC әлем чемпионы белбеуі үшін шілдеде Қазақстанда жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы AllFight.Ru басылымына оның менеджері Сергей Завилейский айтты.
Оның айтуынша, жекпе-жек Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтеді. Оның алғашқы қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген фин боксшысы - Ева Вальстрем.
"Фируза осыған дейін екі жекпе-жек өткізеді: біреуі 7 сәуірде Мәскеудегі "Бокс академиясында", ал екіншісі WBC International белбеуі үшін титулдық кездесу. Ал Ева Вальстрем 6 мамырда Финляндияда америкалық қарсыласымен кездеседі", - деді боксшының менеджері.
Айта кетейік, Фируза Шарипова соңғы жекпе-жек 4 наурыз күні Юлия Чернобородовамен жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Жарнама