Бокс
Бүгін 10:37
 

Финалға 31 боксшы өтті. Қазақстан АЧ-де Өзбекстанды шаң қаптырып келеді

  Пікірлер

blog.share

Финалға 31 боксшы өтті. Қазақстан АЧ-де Өзбекстанды шаң қаптырып келеді ©ҚБФ

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жартылай финал жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жартылай финал жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасынан финалға 31 боксшы жолдама алды, бұл турнирге қатысып жатқан барлық құрама арасындағы ең мықты көрсеткіш.

Екінші орында — Өзбекстан, финалға 30 боксшысы өткен. Үздік үштікті 21 финалисі бар Үндістан қорытындылап тұр.

Айта кетейік, Аммандағы финалдық жекпе-жектер 29-30 сәуір күндері өтеді. Бұл турнир World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатқан алғашқы құрлықтық жарыс.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!