Бокс
16 сәуір 09:29

Финалда Ресейді тас-талқан етті. Қазақстан бокстан халықаралық турниде тоғыз жүлде алды

©ҚБФ

Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан "Жібек жолы" атты халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz

Аталған жарыста Қазақстанның ерлер құрамы тоғыз жүлде иеленді. 

Бұл турнирде Бағлан Кенжебек (54 кг) пен Нұрбек Мұрсал (71 кг) алтын алды. Ал Санжарәлі Бегалиев (75 кг) күміс жүлдегер атанды.

Бағлан финалда ресейлік Максим Кузнецовті төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. Нұрбек те ақтық айқаста ресейлік Игорь Свиридченковты тас-талқан етті. 

Бегалиев финалда ринг қожайыны Сеидджамшид Джафаровқа есе жіберді. 

Қазақстан қоржынына қола жүлде салғандар:

Нұрғиса Тұрабеков (48 кг), Жандәулет Сарсенбаев (54 кг), Ерхан Тұрдан (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асылхан Көшербай (67 кг), Дәурен Мамыр (86 кг).

Бакудегі жарысқа Қазақстан құрамасы 11 салмақта 20 боксшы апарған болатын.

Бұл турнирде Қазақстанның қыздар құрамасы да тоғыз жүлде жеңіп алды - екі алтын, бір күміс және алты қола.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport