Бокс
19 сәуір 20:53
 

Финалда Ресейді күйретті. Қазақстан бокстан халықаралық турнирде 11 жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Финалда Ресейді күйретті. Қазақстан бокстан халықаралық турнирде 11 жүлде жеңіп алды ©

Ресейдің Хабаровск қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ресейдің Хабаровск қаласында Константин Коротковты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыста алты жүлде жеңіп алды.

Сәкен Бибосынов (54 кг) және Нұрлан Сапарбай (+92 кг) алтын алды. Сағындық Тоғамбай (92 кг) күміс жүлдегер. Ал Теміртас Жүсіпов (48 кг), Жандос Қыдыралиев (63,5 кг) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (67 кг) қола алды.

Бибосынов финалда ринг қожайыны Денис Пальшинді төрешілер шешімімен жеңді. Сағындық та финалда ресейлік боксшы Сергей Слободянмен шығып, оған есе жіберіп алды. Ал Нұрлан Сапарбай тағы бір ресейлік Орудж Мамедовке бет қаратпады. 


Қазақстандық бұрымдылар бес жүлде иеленді.

Айдана Забынбекова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг) және Ұлдана Таубай (66 кг) күміс жүлде иеленді. Гүлнәр Тұрапбай (50 кг) және Аружан Жанабаева (66 кг) жарысты қола жүлдемен ақятады.

Айта кетейік, Забынбекова финалда төрешілер шешімімен Солтүстік Кореялық Сон Хен Куге есе жіберді. Волосенко ресейлік Ирина Автинадан, ал Ұлдана ҚХДР-ден келген Хоан Хе Судан жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!