Бокс
23 маусым 2021 18:56
 

Еуропа чемпионы болған. Тұрсынбай Алматыдағы бокс кешінің басты айқасында ресейлік "Роккимен" жұдырықтасады

  Пікірлер

blog.share

Еуропа чемпионы болған. Тұрсынбай Алматыдағы бокс кешінің басты айқасында ресейлік "Роккимен" жұдырықтасады Сурет: Fightnews.info

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 KO) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 KO) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz

Боксшы 10-шілде Алматыда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Бастапқыда Тұрсынбайдың қарсыласы украиналық Станислав Скороход (20-2, 17 КО) болу керек еді. Алайда Скороход жарақат салдарынан жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. 

Осыдан кейін қазақстандық боксшы әлеуметтік желі арқылы өзге қарсылас табу қиын болып жатқанын хабарлаған. Тұрсынбайдың сөзінше, мықты боксшылардың бәрі жұдырықасудан бас тартып жатыр.

Алдағы айқаста Тұрсынбай Құлахметтің қарсыласы ресейлік 37 жастағы Алексей Евченко (19-14, 8 КО) болады. Бұл туралы MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы өзінің Іnstagram желісінде хабарлап, постер жариялады. 

Айта кетейік, "Рокки" лақап атты ресейлік боксшы 2010 жылы тәжікстандық Шерали Мамадалиевті жеңіп, WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы болған. Ал кейінгі рет отандасы Карен Чухаджянға есе жіберді.

Еске салайық, Тұрсынбай кейінгі рет сәуірде Дубайда жұдырықтасып, внесуэлалық Эбер Рондонды (20-1, 13 КО) 70 секундта нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC International титулын қорғап қалған еді. 

Жарнама

Живи спортом!