"Ет жеп, күш жинап". Әлімханұлы титулын қорғауға АҚШ-қа аттанды
©instagram.com/janibek_alimkhanuly
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшының командасы Instagram желісінде Жәнібек пен оның менеджері Берік Сұлтанның ұшақта отырған суретін жариялапты.
"Ал, ағайын чемпиондық титулды қорғау үшін Америкаға ұшып барамыз! Ет жеп салмақ қосып, күш қуат жинап алдық! Бұйыртса көк ту желбіреген күнде жолығайық!" - делінген жазбада.
Жарнама