Бокс
7 маусым 2019 10:10
 
"Ештеңеге қарамастан". Голливуд жұлдызының Головкин мен Роллстың жекпе-жеке дайындығы жайлы фильмінің үшінші бөлімі жарық көрді

  Пікірлер

blog.share

"Ештеңеге қарамастан". Голливуд жұлдызының Головкин мен Роллстың жекпе-жеке дайындығы жайлы фильмінің үшінші бөлімі жарық көрді Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

DAZN стриминг сервисі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегі алдында "40 күн" деректі фильмінің үшінші бөлімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл бөлімнің атауы - "Ештеңеге қарамастан". Мұнда Головкин мен Роллстың жаттығуларынан бөлек, қазақстандық боксшы қатысқан баспасөз шаралары жайында айтылады. Деректі фильмді голливудтық танымал актер Марк Уолбергтің компаниясы түсірді. Актердің өзі фильмде продюсер болды.

"40 күн" атты фильмдерді DAZN айтулы жекпе-жектер алдында түсіреді. Боксшылардың жаттығу лагерінің ұзақтығына байланысты осындай атау берілген.

Боксшылардың кездесуі 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden алаңында 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді. Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады.

Бұл бокс кешінің андеркартында қазақстандық Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) және Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) өнер көрсетеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша бокс кеші 9 маусымда өтеді. Қазақстандық көрермендер жекпе-жектерді тікелей эфирден тамашалай алады.

Жарнама

Живи спортом!