"Ешкім емес едім". Әлем чемпионы Головкинмен болған жағдайды айтты
Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Александр Гвоздик орта дивизионда WBA және IBF белбеулеріне ие Геннадий Головкин бірінші кездесуінде қалай таңдандырғанын айтты.
Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Александр Гвоздик орта дивизионда WBA және IBF белбеулеріне ие Геннадий Головкин бірінші кездесуінде қалай таңдандырғанын айтты.
"Головкинмен бірінші рет 2014 жылы кездестім, Ломаченокмен бірге АҚШ-қа келгенімде. Ол кезде Абель Санченспен жаттығатын, біз оның лагеріне бардық.
Мен залға келгенде ешкім емес едім, атым да мүлде белгісіз. Головкинді көргенде: "Геннадий, сәлем" дедім, ал ол: "Сәлем, Алекс" деді. Мен таңқалып қалдым, өйткені ол менің атымды білді. Алдын ала біз келеді деп менің атымды біреу айтқан шығар, алайда, мені білгендігі мен өте қуантты", - деп береді Гвоздиктің сөзін Fightnews.info порталы WHEN THE SMOKE CLEARS YouTube арнасына берген сұхбатында.
Жарнама