"Ерте ме, кеш пе...". Усик "Канеломен" айқас жайлы

Ауыр салмақта әлем чемпионы Александр Усик (19-0, 13 КО) суперорта дивизионда төрт белебуі бар Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды vRINGe.com порталы Parimatch UK басылымына сілтеме жасап.

Мұның алдында "Канело" Усикпен жұдырықтасуға дайын деген ақпарат тараған болатын.
"Канеломен" жекпе-жекке шығу үшін 12 келі тастау керекпін. Өзінше бір фрик-файт. Алдымен ауыр салмақтағы мәселелрдің бәрін шешу қажет, содан кейін ғана мұны қарастыруға болады.
Альвареспен жекпе-жек қыруар қаржы әкелетінін білемін, сондықтан, ерте ме, кеш пе, айқасатынымызды жоққа шығармай-ақ қояйын", - дейді Усик.
Жарнама