Бокс
23 мамыр 2017 12:01
 
Ерлан Бекхожин WBC конвенциясы неліктен Астанадан Бакуге ауыстырылғанын түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

Ерлан Бекхожин WBC конвенциясы неліктен Астанадан Бакуге ауыстырылғанын түсіндірді Ерлан Бекхожин. © kazgazeta.kz

Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz тілшісіне жыл сайынғы Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBC) 55-ші конвенциясы неліктен Астанадан Бакуге ауысқанын айтып берді.

- Біз үшін бұл жағымсыз әрі тосыннан болды, оның үстіне түсініксіз. Себебін анықтай бастағанда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев WBC президенті Маурисио Сулейманға қоңырау шалып, конвнцияны Бакуде өткізуді ұсыныпты. Президент ұсынысынан бас тарту оңай емес екені түсінікті. Әзірбайжан бастау алған имидждік жобаларды қолдайды. Президентке қызық болған сияқты", - дейді Бекхожин.

- Бізде бәрі дайын ба еді?

- Конвенцияны өткізуге бәрі дайын болатын. Олар Астанаға көруге келгенде бәріне риза болды. Бізде келісім болғанымен Маурисио бірінші кезекте бизнесмен болғандықтан, пайда мен түсім жағын бірінші ойлайды. Кім жақсырақ жағдай ұсынса, сол жаққа қарай тартады. Ал біз бар күшімізді енді бокс кешіне бағыттаймыз.

- Бұл Әзірбайжанмен қарым-қатынасымызға әсер етеді ме?

- Жоқ. Бұл бір үлкен қайғы емес. Бұл бизнес қана.

- Біздің делегация Әзірбайжандағы конвенцияға бара ма?

- Әрине, бұл жағдайға қалыпты қарау керек. Бұл бизнес. Қарсылық санкциялары болмайды. Бұл біздің имиджге әсер етпейді, біз конвенцияны алдағы жалдары өткізе аламыз.

Айта кетейік, 23 мамырда WBC  ресми сайтында конвенцияның Әзірбайжан астанасы - Бакуге ауыстырылатыны туралы ақпарат пайда болды. Бұл шара қазанның 1 мен 6 аралығы өтеді.

Еске салайық, жыл сайынғы конвенция Астанада өту керек болатын. Қазақстан астанасының өтініші 2016 жылы АҚШ-тың Флорида штатында 54-ші конвенция кезінде мақұлданған.

Жарнама

Живи спортом!