Бокс
2 мамыр 2021 19:22

Эрисланди Лара қарсыласын бірінші раундта сұлатып Головкин салмағында чемпион атанды

Сурет: CBS Sports

Америкалық боксшы Эрисланди Лара (26-3-3, 16 KO) орта салмақта WBA Regular чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бос болған белбеу үшін айқаста Лара отандасы Томас Ламаннмен (30-5-1, 12 KO) Карсондағы бокс кешінде жұдырықтасты. Екі боксшы да бірінші орта салмақтан көтерілген.  

Жекпе-жек 12 раундқа есептелгенімен, біріншісінде аяқталды. Лара қарсыласын 77 секундта сұлатты. 

Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының басты чемпионы Риота Мурата (16-2, 13 KO). Қыста ұйым оның дәрежесін көтеріп, WBA Super титулын сыйлады. Ал жапониялық босатқан WBA Regular белбеуі Лараға бұйырды. 

Еске салайық, бұл салмақта IBF және IBO титулы Геннадий Головкинде (41-1-1, 36 КО). Қазақстандық боксшы Муратамен титулды айқас өткізуі мүмкін.