Екінші орта салмақта жұдырытасатын Айдос Ербосынұлының (11-0, 8 КО) келесі қарсыласы кім болатыны анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
27 жастағы Ербосынұлы 14 тамыз Аустралия астанасы Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында жұдырықтасады. Қазақстандық боксшының қарсыласы 31 жастағы жергілікті Рокки Джеркич (17-1, 13 КО).
Он раундты жекпе-жекте Ербосынұлы WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғайды, сонымен қоса, жеңімпаз екінші орта салмақтағы WBA International титулын иеленеді.
Айта кетейік, қазақстандық боксшының командасы әу баста өзге аустралиялық боксшы Билал Аккавимен (20-1-1, 16 КО) келіссөздер жүргізген. Ол 2018 жылдан бері орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (52-1-2, 35 КО) спарринг серігі.
Еске салайық, Ербосынұлы соңғы рет 24 наурыз Алматыда жұдырықтасты. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде ол намибиялық Лукас Ндафолумнан басым болды. Карьерасында Ербосынұлы Ресейде, Украина, АҚШ пен Қазақстанда өнер көрсеткен.
Бокс
1 шілде 2019 14:24
Ербосынұлы титулды жекпе-жекте "Канелоның" спарринг серігі орнына Роккимен жұдырықтасады
© vk.com/yerbosynuly