Энтони Джошуаның бұрынғы қарсыласы UFC-дің экс чемпионын нокаутқа түсірді

АҚШ-тың Арлингтон қаласында 40 жастағы болгариялық Кубрат Пулев пен 42 жастағы UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Фрэнк Мир арасында ауыр салмақтағы жекпе-жек өтті.
АҚШ-тың Арлингтон қаласында 40 жастағы болгариялық Кубрат Пулев пен 42 жастағы UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Фрэнк Мир арасында ауыр салмақтағы жекпе-жек өтті.
Бокс ережесімен өткен айқас екі минуттан жеті раундқа есептелген еді.
Алайда Пулев қарсыласын бірінші раундта есінен тандырды.
Еске салайық, Фрэнк Мир (0-1 бокста, 19-3 ММА) ауыр салмақта UFC чемпионы болған, сәуір айында бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Стив Каннингемге есе жіберген. Ал Кубрат Пулев (28-2) кейінгі рет 2020 жылы Энтони Джошуадан нокаутпен жеңілген.
Жарнама