Бокс
18 тамыз 2020 10:16
 
"Енді не боларын білмеймін". Головкиннің экс бапкерімен жаттығам деп барлық белбеуінен айырылған чемпион

  Пікірлер

blog.share

"Енді не боларын білмеймін". Головкиннің экс бапкерімен жаттығам деп барлық белбеуінен айырылған чемпион Сурет: DAZN©

Жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы норвегиялық Сесилия Брекхус (36-1, 9 КО) америкалық Джессика Маккаскиллден (9-2, 3 КО) сенсациялық жеңілісіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Xsport.ua.

Бұл жекпе-жек Американың Тасла қаласында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Толық 10 раундқа созылған кездесу қорытындысы бойынша Маккаскилл WBC, WBA Super, IBF, WBO және IBO титулдарын жеңіп алды.

38 жастағы Брекхус карьерасын аяқтауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Қазір төрешілер шешімі туралы ештеңе айтқым келмейді. Жай ғана Джессиканы құттықтағым келеді. Ол мұны шынымен қалады. Үлкен еңбек атқарды, сондықтан, туды оның қолына ұстататыныма қуаныштымын. Ары қарай не болатынын білмеймін. Әйелдер боксының бір бөлшегі екенімді мақтан тұтамын. Егер бұл менің соңғы жекпе-жегім болса, оның бір бөлшегі болғанмын деп кете барамын", - деп береді Брекхустың сөзін Boxingscene.com.

Жарнама

Живи спортом!