Бокс
24 қазан 2018 17:01
 
"Ең өтімді еркін агент". Промоутер Головкиннің Мурата жеңілгеннен кейінгі жоспарын айтты

  Пікірлер

blog.share

"Ең өтімді еркін агент". Промоутер Головкиннің Мурата жеңілгеннен кейінгі жоспарын айтты © HBOboxing

Риота Муратаның америкалық Роб Бранттан жеңілуі қазақстандық Геннадий Головкиннің жоспарын бұзған жоқ. Бұл туралы GGG промоутері Том Леффлер мәлімдеді.

"Мурата біз қарастырған қарсыластардың бір ғана еді. Ол өтімді болды, бірақ, Брант оны... GGG-де әлі жақсы нұсқалар бар. Қазір ол нарықтағы ең өтімді еркін агент.  ESPN, DAZN және Геннадиймен бірге біздің өзге де боксшылармен келісімшарт жасасқысы келетін үшінші платформадан ұсыныс бар.

Оның заманы туды, біз жай ғана ұсыныстарды сұрыптап отырмыз, ең тиімдісін таңдап алу үшін. 

Келісімшарт жасау мерзіміне қатысты ешқандай қысым жоқ, бірақ, біз оны міндетті түрде қараша соңында немесе желтоқсанда жасаймыз. Егер Головкин келесі жыл басында жұдырықасса. Мен асықпай, тиімсіз келесімшарт жасап қоюдан қашатын едім. 

Орта салмақта чемпион көп болуы мүмкін. Головкин мұндайдан өткен. Онда WBO белбеуінен басқасының бәрі болды. Ол орта салмақтың және Ring Magazine-нің заңды чемпионы болу керектігін бәрі мойындайды деп ойлаймын. Сондықтан қазір әңгіменің бәрі оның карьерасындағы ең маңызды келісішартта ғана", - деп келтіреді Леффлердің сөзін Ucnlive.com.

Еске салайық, Головкин рингке келесі жылы оралады. Сонымен бірге, қазақстандық "Канеломен" қарымта сұраған болатын. Ал мексикалық желтоқсанда чемпиондығын еркін қорғауға рұқсат алған. 

Жарнама

Живи спортом!