Бокс
6 мамыр 2021 11:07

"Ең мықтылардың бірі екенім анық". Әлем чемпионы Головкинмен жекпе-жек тілеп отыр

Сурет: Boxing Insider

Орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарло (31-0, 22 KO) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты. PBC подкастында ол бұл үшін неге көнуге бар екенін де сөз етті.

Америкалық боксшы келесі жекпе-жегін 19 маусым мексикалық Хуан Масиас Монтиэльге (22-4-2, 22 KO) қарсы өткізеді. Бұл бокс кеші Showtime арнасында көрсетіледі.

"Мен әлемдегі ең мықтылардың бірі болғым келеді. Мен мықтылармен айқасып келемін. Менің командам Головкин, "Канело" және Андраде сияқты белбеуі бар жігіттерге ұсыныс жасады. 

Мен дивизионда ең мықтылардың бірі екенім анық, сондықтан олар менен қашпау керек. Бірақ, әрине, менен қашады. 

Иә, бұл мен шынымен қалайтын жекпе-жек, иә, бұл ұйымдастыруға болатын айқас. Бұл уақыт еншісінде. Мәселе Головкинді маған қарсы рингке қалай шығаруға болатындығында. 

Екеуміз де өзімізге ыңғайлы болғанын қалаймыз. Осы жолы мен келіссөзде В тарапы болайын. Егер қаласа үлкен рингке шығайын. Егер қаласа олардың қаласына барып жұдырықтасайын", - дейді Чарло.