Нью-Йорк қаласының Атлетикалық комиссиясы қазақстандық Дәурен Елеусіновті (10-2-1, 9 КО) жеңген америкалық Джуниор Юнанды (17-0-1, 11 КО) жекпе-жектерден шеттеті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Boxrec.com порталында Юнанның шеттетілгені туралы ақпарат шықты. Бірақ боксшы нақты қанша уақытқа шеттетілгені белгісіз. Бір айта кетерлігі, боксшыны дәрігерлер денсаулығын дұрыстап алу үшін уақытша ғана шеттеткен. Мұндай шаралар әр кездесуден кейін болып тұрады. Дәл осылай дәрігерлер Елеусіновті де шеттеткен.
Еске салайық, Елеусінов Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.