Бокс
22 мамыр 2019 11:27
 
Елеусінов Головкинмен арадағы келіспеушілікке қатысты соңғы сөзін айтты

  Пікірлер

blog.share

Елеусінов Головкинмен арадағы келіспеушілікке қатысты соңғы сөзін айтты © Matchroom

Жартылай орта салмқта жұдырықтасатын қазақстандық Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) орта дивизиондағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) арадағы келіспеушілік жайында ойын айтты. Боксшының сөзін Sputniknews.kz келтіріп отыр.

Бастапқыда Елеусінов 8 маусым Нью-Йорктегі Головкин-Роллс бокс кешінің андеркартында он раундты жекпе-жек өткізбек болған. 

Алайда кейін олимпиада чемпионы жекпе-жегін ертерек өткізетін болды. Елеусіновтің менеджерінің сөзінше, бұл GGG отандасын өз шоуында көргісі келмегендіктен болған. Головкин бұған жауап ретінде Елеусіновтің менеджерінің әрекеті дұрыс болмағанын айтқан. 

"Жерлесімнің менің өнер көрсетуіме қарсы болғаны айдан анық. Геннадий Головкин журналистерге берген сұқбатында "Данияр екеуміздің жолымыз бөлек" депті. Головкиннің әрекеті оның деңгейіне сәйкес келмейді деп есептеймін. Бірақ бұл мәселеде бір нәрсені ескерген жөн. Менде оны қаралайын деген ой болған жоқ. Егер ренжісе, менімен бетпе-бет жүздесіп, өзімнен сұрауға да болар еді. Ашығын айтайын, мен Геннадийге ренжіген жоқпын.

Барлық адамның пікір білдіруге құқы бар. Бірақ өз басым мұнымен келіспеймін. Әрбір боксшының өзіне тән жұдырықтасу мәнері болады. Осыны есепке алған жөн. Рингте уақытты ұтымды, сәтті пайдалану керек. Сондықтан соққымды әлсіз деп есептемеймін. Бокстағы жекпе-жектің тағдырын уақыт шешеді. Кәсіпқой бокста ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, соққы жасай білу керек. Тек асықпаған абзал", - дейді Елеусінов

Айта кетейік, Елеусінов келесі жекпе-жегін 25 мамыр АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласында өткізеді.

Жарнама

Живи спортом!