Бокс
22 қаңтар 2019 10:21
 
Елеусінов 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Елеусінов 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді © Matchroom Boxing

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшының дайындығы туралы толығырақ оның менеджері Зия Алиев баяндап берді. 

"Жекпе-жек 15 наурызға белгіленген. Қарсылас әзірге белгісіз. Данияр жаттығуға кірісу үшін АҚШ-қа келесі аптада аттанады", - дейді менеджер. 

Оның сөзінше, алдағы уақытта жекпе-жек форматы анықталады. Елеусінов қатысатын Филадельфиядағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Кэти Тэйлордың жекпе-жегі болады. 32 жастағы боксшы қыз кәсіпқой рингте 12 жеңіске жеткен, ал титулды жекпе-жекте бразилиялық Роус Волантемен (14-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Елеусінов соңғы рет былтыр қарашада Монакода никарагуалық Маркос Мохикамен жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

Жарнама

Живи спортом!