Экс чемпион "Канелоның" тегі мексикалық нокаутшыдан қорқатынын бетіне басты
Әлемнің бұрынғы чемпионы, қазіргі таңда бокс сарапшысы Поли Малиньяджи мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) мықты боксшымен шықпас үшін сылтау айтып жүр деген ойда, деп хабарлайды vRINGe.com.

"Канело" мексикалықтармен айқасқысы келмейтінін айтып, тегі мексикалық АҚШ боксшысы Давид Бенавидеспен (26-0, 23 КО) жекпе-жектен бас тартқан болатын.
"Бұл біртүрлі қызық - тегі мексикалықтармен шықпаймын дегені. Кіші Хулио Сесар Чавес мексикалық емес пе? Ол нашар боксшы. Бірақ Альварес онымен айқасты. Демек басқа мексикалықтар жақсы жұдырықтасса, оларға жолағың келмейді ғой? Басқа сылтау тапсаңшы. Бенавидеспен шыққың келмесе, жақсырақ сылтау айт", - дейді Малиньяджи.
Жарнама