"Екінші мүмкіндік беру керек". Сарапшы Жүкембаевқа кеңес берді
Жартылай орта салмақтың марқасқасы Батыр Жүкембаевқа Канадаға оралу керектігі жайлы айтылды. Бұл туралы кәсіпқой бокс әлемінің сарапшысы Лорент Поулин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Жартылай орта салмақтың марқасқасы Батыр Жүкембаевқа Канадаға оралу керектігі жайлы айтылды. Бұл туралы кәсіпқой бокс әлемінің сарапшысы Лорент Поулин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Жерлесіміз кәсіпқой рингтегі келесі айқасын 24 желтоқсан күні Алматыда өткізеді. Ол WBC Asia белбеуі үшін таласқа түседі.
"Жүкембаевтың промоушеннен кетуі батыл шешім болды. Алайда ол асығыстық танытқан секілді. Себебі Канадада жүрген кезінде жүйелі түрде рингке шығып тұратын. Ал қазір жылына небәрі бір жекпе-жек өткізіп тұрады. Мұндай жүріспен чемпион болам деген мақсатқа жету қиын. Батырға шұғыл түрде мықты промоушеннің қолдауы қажет. Мүмкін Канадаға қайта оралғаны дұрыс болар. Батырға екінші мүмкіндік беру керек", - дейді Поулин.
Жүкембаев соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында рингке шығып, мексикалық Хуан Хосе Мартиенс Альваресті 69 секундта нокаутқа түсірген еді.
Еске салайық, қазақстандық боксшы канадалық Eye Of The Tiger промоутерлік компаниясымен келісімшартты үзген еді.
Жарнама