"Екі метр құбыжық". Джалоловқа Қазақстаннан қарсылас табылды

Brunchboxing.com шолушысы және Brunch Boxing подкастын жүргізетін Мэтт Браун қазақстандық Иван Дычко (14-0, 13 КО) мен өзбекстандық Баходир Джалоловтың (14-0, 14 КО) кәсіпқойдағы айқасын тамашалғысы келтінін жазды.

Браун Дычконың АҚШ-тағы залда жаттығып жатқан видеосына репост жасады.
"Қараңыз: сіздер еш естімеген ауыр салмақтағы ең мықты боксшы. Суперауыр дивизиондағы бойы екі метр құбыжық Иван Дычко (14-0, 13 КО) қолының жылдамдығы мен күшін паш етуде. Дычко 27 желтоқсан Қазақстанда рингке оралады", - делінген постта.
Браун тағы бір ойын қоса кетті:
"Дычконы Джалоловқа қарсы көргіміз келеді", - дейді Мэттью.
Жарнама