Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбаұлы Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирдегі жекпе-жекте жылдам жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жепе-жек бірініш раундта бітті67 келіде өнер көрсететін қазақ боксшының қарсыласы белоруссиялық Даниил Титко болды. Бұл айқаста Мұхаммедсабыр бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет есеңгертіп тастады.
Еске салайық, бұған дейін Базарбайұлы 63,5 келіде өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасында ширек финалға дейін жеткен. сонымен бірге, ол Таиландта өткен 2024 жылғы Азия чемионатында да 1/4 финалға дейін ғана барды.
Ал Титко жастар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері және Беларусь біріншілігінің жеңімпазы.