Бокс
28 сәуір 2017 14:02
 
Екі қазақстандық боксшы Лондонда чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Екі қазақстандық боксшы Лондонда чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді Ернар Ешенов. © profiboxing.kz

12 мамырда Лондонда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда бірден қазақстандық екі боксшы - Ернар Ешенов пен Александр Журавский кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

22 жастағы Ешенов бірінші орта салмақтағы WBC Youth Silver белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл беубеу оған келесі жекпе-жекте WBC чемпионы титулына таласуға мүмкіндік береді. Ал оның қарсыласы - Шотландияның 23 жастағы боксшысы Майкл МакГурк.

32 жастағы Журавский болса ұлыбританиялық 28 жастағы Стивен Даньомен кездеседі. Бұл жолы орта салмақтағы WBO European белбеуі сарапқа салынады.

Айта кетейік, Ернар Ешенов кәсіпқой бокста 5 жекпе-жек өткізген және кездесулерінің барлығында жеңіске жеткен, төртеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал оның қарсыласы 8 жекпе-жек өткізген. Ол да барлық кездесуінде жеңіске жеткен, екеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Александр Журавский кәсіпқой бокста 15 кездесу өткізіп, 13-ін жеңіспен аяқтап (11 нокаут), екі рет жеңіліске ұшыраған. Ұлыбританиялық қарсыласы Стивен Даньо 11 жекпе-жекте жеңіске жетіп, үшеуін тең есеппен аяқтаған.

Жарнама

Живи спортом!