Екі қазақ боксшы АҚШ-тағы әлем чемпионаты алтынына айқасады

Қазақстандық боксшы Даниял Райымбеков АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының (U-19) финалына жетті.
Қазақстандық боксшы Даниял Райымбеков АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының (U-19) финалына жетті.
World Boxing алғаш рет өткізіп жатқан жарыстың 1/2 финалында 85 келідегі Райымбеков Оңтүстік Корея боксшысын төрешілер шешімімен жеңді.
Райымбеков жеребе бойынша жарысты жартылай финалдан бастады. Енді алтын үшін айқас 2 қарашада өтеді.
Бұған дейін Пуэблодағы жарыстың финалына Асылхан Көшербай (65 кг) да өткен болатын.
Ал Диас Серікұлы (70 кг) мен Ерасыл Аманғалиев (55 кг) жарыстың 1/4 финалынан аса алмады.
Жарнама