"Екі жыл соққы күшін арттырдым". WBA чемпионы Головкинмен айқас туралы
WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) айқасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) айқасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Менің әуесқойдағы және кәсіпқойдағы карьерамның бәрі Геннадий Головкинмен жекпе-жекке дайындық болғанын сеземін. Бұл айқас менің орта салмақ пен бокс тарихындағы орнымды анықтайды. Головкин ұзақ уақыт орта салмақтың туын ұстады. Мен үшін ол әлі жеңілмеген. Оны қатты құрметтеймін.
Пандемия салдарынан кейінгі айқасымнан бері екі жылдай уақыт өтті, бірақ, ол уақытты мен пайдалы жұмсадым. Физикалық күйімді жақсарту мен соққы күшін арттыруға бапкерлермен қарқынды жаттығулар өткіздік. Осындай айқас Жапонияда өтеріне қуаныштымын. Мен үшін бұл үлкен құрмет", - деп береді боксшының сөзін DAZN.
Жарнама