Өзбекстандық Мужибилло Турсунов Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында бірінші жекпе-жегін өткізді.
67 келі салмақтағы 1/4 финалда ол қырғызстандық Алмаз Урозбековпен жұдырықтасты. Үш раунд қортыныдысы бойынша Турсунов төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Екінші раундта Өзбекстан боксшысы қарсыласын нокдаунға түсірген болатын.
Осылайша, Турсунов жартылай финалға өтіп, кемі қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.
Бұл салмақта Қазақстан командасынан жарысқа Дулат Бекбауов қатысып жатыр. Дулат ширек финалда қарсыласын нокаутпен жеңді.