Бокс
19 шілде 2018 13:00
 
"Допингпен ұсталғанша, жеңіліп қалған жақсы". Джошуаның Поветкинмен жекпе-жек алдында айтқаны

  Пікірлер

blog.share

"Допингпен ұсталғанша, жеңіліп қалған жақсы". Джошуаның Поветкинмен жекпе-жек алдында айтқаны © powernews.bg

Кеше Лондондағы Уэмбли стадионында WBA Super, IBF, WBO чемпионы Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) мен ресейлік үміткер Александр Поветкин (34-1, 24 КО) баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Журналистер Ресейлік боксшыны допингпен екі рет ұсталғанын (қанынан 2016 жылы сәуірде WBC чемпионы Дионтэй Уайлдермен жұдырықтасар алдында мельдоний, ал сол жылы желтоқсанда Бермейн Стивенрге қарсы WBC ұйымының іріктеу жекпе-жегінің алдында остарин табылған) еске салып, Джошуа спортта допинг қолдануға қалай қарайтынын сұрады. 

"Тыйым салынған препаратпен ұсталғанша, жеңілген жақсы. Допинг адамды өзгеше, күштірек ететін дәрмек емес. Біреуге шамаңыз келмей жатыр ма? Онда көбірек әрі жақсырақ жаттығу қажет, қайдағы бір дәрілер ішкенше. Артыңда қалдырар мұраны да меңзеп отырмыз ғой, допинг жеткен жетістеріңізді бір сәтте күл етеді", - дейді чемпион. 

"Өткен дүние өтті", - дейді ол Поветкин жайында. - Онымен рингке шыққанда - таза және әділ жекпе-жек болады. Турнирге қатысып жатқандаймын. Алдымен Поветкинмен, кейін Уайлдермен жұдырықтасу қажет, сосын тағы біреу бола жатар. Мұның бәрі трофей үшін. Ал трофей - менің бокста қалдырар мұрам". 

Жарнама

Живи спортом!