Бокс
20 наурыз 2020 14:12

Джошуаның барлық белбеулерін қайтарғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жегі өтпейтін болды

Сурет: AllBoxing
Суперауыр салмақта WBA (Super), WBO, IBF және IBO чемпионы Энтони Джошуа (23-1, 21 КО) мен Кубрат Пулевтің (28-1, 14 КО) жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы болгариялық боксшы BTV арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Дегенмен Пулев кездесу жыл соңына дейін өтуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

"Жекпе-жекті коронавирус эпидемиясына байланысты маусымның жиырмасында өткізу мүмкін емес. Жекпе-жек жыл соңына таман өтіп қалар", - дейді боксшы. 

Еске салайық, бұл жекпе-жек 20 маусым Лондондағы "Тоттенхэм" стадионында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болу керек еді. Джошуа мексикалық Энди Руиспен (33-2, 22 КО) қарымтада барлық белбеулерін қайтарғаннын кейін бірінші рет рингке шығу керек болатын.