Бокс
4 маусым 2019 10:58

Джошуаны нокаутпен жеңген Энди Руис бұл жекпе-жегі үшін рекордты гонорарын алды

© Sportbox
2 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан британиялық Энтони Джошуа (22-1, 21 КО) және мексикалық Энди Руистің (33-1, 22 КО) бұл жекпе-жек үшін қанша алғаны белгілі болды.

Бұл кездесу Джошуаға тиесілі болған аса ауыр салмақтағы WBO, WBA (Super), IBF және IBO белбеулері үшін өтті. Британиялық боксшы бірнеше рет нокаутқа түскеннен кейін төреші кездесуді жетінші раундта тоқтаттты. 

Осылайша, Руис барлық белбеуді иеленді. Ал Джошуа үшін бұл карьерасындағы алғашқы жеңіліс.

"Мұндайды күтпедім". Төрт белбеуінен айырылған Джошуа қарымта сұрағысы келмейді

Жеңіске қарамастан Руистің гонорары қарсыласынан төменірек болды. Осылайша, мексикалық 5,6 миллион еуро, ал Джошуа - 22,5 миллион алды, - деп хабарлайды The Sun. Бұл гонорар Руистің карьерасындағы ең ірі сомма. Мысал үшін, 2017 жылы Джозеф Паркермен жұдырықтасқаны үшін ол 900 мың еуро алған. 

Бастапқыда Джошуаның қарсыласы Джарелл Миллер болады деп жоспарланған еді, алайда, ол допинг-тесттен өте алмады. Осылай жекпе-жекке дейін бір айдай қалғанда оны Руис алмастырды.

Нокаутпен жеңіліп, барлық белбеунен айырылған Джошуаға Головкиннің бапкеріне ауысу кеңес етілді