Супер ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) титулды айқаста украиналық Александр Усикті (19-0, 13 КО) жеңген соң барлық белбеуінен бас тартатынын мәлімдеді, деп жазады"Спорт Экспресс".
Реванш жекпе-жегі Сауд Арабиясында 20 тамыз күні өтіп WBA, IBF, WBO және IBO белбеулері сарапқа салынады.
"Реванш айқаста Усикті жеңіп әлемнің үш дүркін чемпионы атанған соң, барлық белбеуден бас тартамын. Сіздер мені чемпион болғаным үшін емес, қарапайым жеңімпаз ретінде мойындап, құрметтегендеріңізді қалаймын", - деп жазады The Sun басылымы боксшының сөзін келтіріп.
Еске салайық, қос боксшы 2021 жылдың 25 қыркүйегінде алғаш рет қолғап түйістірді. Нәтижесінде Лондон төріндегі "Тоттенхэм Хотспур" стадионындағы жекпе-жекте Усик төрешілер шешімімен Джошуадан басым түсті.