Британиялық кәсіпқой боксшы Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) ішіп алған студенттерді орнына қойды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Оқиға Лафборо (Лестершир, Англия) университеті жатақханасының маңында болған. Джошуа жатақхананың маңынан өтіп бара жатқан сәтте ішімдікке сылқия тойып алған студенттер боксшының Тайсон Фьюримен жекпе-жек өткізуден қашқақтап жүргенін тілге тиек еткен. Осыдан кейін Энтони жатақханаға барып студенттерді орнына қойды.
"Сөйлеген сөздеріңе, ауыздарыңа ие болыңдар. Осы жерге адамдарды әкеліп жақтарыңды сындырсам, ешкімге ұнамайтыны анық. Сендерді оқудан шығарып жіберуі мүмкін. Кіммен сөйлесіп тұрғандарыңыды естен шығармаңдар", - деді Джошуа.