Джалоловты жеңген қазақстандық боксшыға жұдырықтасуға тыйым салынды

Суперауыр салмқатағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) 27 желтоқсан Алматыда өтетін бокс кешіне қатыса алмайды.
Суперауыр салмқатағы қазақстандық боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) 27 желтоқсан Алматыда өтетін бокс кешіне қатыса алмайды.
ALL STARS BOXING промоушенінің мәліметінше, Дычко мен Виталий Кудухов арасындағы жекпе-жек кейінге қалды.
"Өкінішке қарай спарринг кезінде Иван Дычко иығын жарақаттап алды. Медициналық тексерістен кейін кәсіпқой бокс комиссиясы спортшының алдағы жекпе-жекке шығуына рұқсат бермеді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Иван Дычко өзбекстандық Баходир Джалоловпен әуесқойда үш рет жұдырықтасып, бәрінде жеңіске жеткен болатын.
Жарнама